freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бардан өрт шығып, 27 адам қаза тапты

Әлем
Бардан өрт шығып, 27 адам қаза тапты
Anadolu Ajansı

Өрт 13 шілдеге қараған түні Таиланд астанасының солтүстігіндегі барлардың бірінде болды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Өрт сөндірушілер жариялаған бейнежазбадан пабтың кіреберісінен өрттің жалындап тұрғанын, адамдардың құтылуға тырысып жатқанын көруге болады.

Бангкоктағы барда шыққан өрт салдарынан кемінде 27 адам қаза тапты. Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракун оқиға орнында журналистерге 27 адамның қаза болғанын растады.

Оның айтуынша, бірнеше зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, ал билік өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Мекемеде өнер көрсеткен музыкант саясаткерге сахна маңындағы электр қалқанынан түтін шыққанын, артынша жарылыс болғанын айтқан.

Өрттің нақты себебі барлық қажетті сараптамалардан кейін белгілі болады. Ресми мәлімет бойынша, өртті толық бақылауға алу үшін өрт сөндірушілерге кемінде жарты сағат қажет болған.

Бұған дейін де Таиландта осындай қайғылы оқиғалар болған. 2022 жылы елдің шығысындағы музыкалық пабтағы өрттен 14 адам көз жұмған. Ал 2009 жылғы жаңа жыл түні Бангкоктағы Santika түнгі клубында үй ішінде атылған отшашудың салдарынан шыққан өрттен 66 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу