Белгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өмірінің соңында жазған өлеңін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Жазбада: "Заманбек Нұрқадіровтің 2005 жылы жазған соңғы өлеңдерінен үзінді" деген тақырыппен саясаткердің өз қолымен жазылған шумақтар келтірілген.
Өлең жолдарында Нұрқаділов өмірінің соңғы кезеңіндегі көңіл күйі мен ішкі мұңын білдірген:
"Елің көрер ертең-ақ,
Мерей сендей болғанын.
Сендерге қидым қайшымен,
Ғұмырымның қалғанын…"
"Кенет, өлсем, ақ денемді пышақ салып кеспеңдер!
Іште жатқан бар ізгілік босқа ұшпасын, теспеңдер!"
"Бәрі сатты, жалғыз қалдым,
Заңы солай аздықтың!
Ізсіз жаудан өсті тікен,
У боп шықты қастықтың.
Байқамаппын қызғанышты,
Залымдықты ескермей.
Қаніпезерлер бой көтерді,
Жемісі ғой жастықтың!"