freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бәрінің көңіліне қарап болдық": Әнші Еркін Нұржановтың әйелі ел күтпеген тосын пікір айтты (ВИДЕО)

Қоғам
"Бәрінің көңіліне қарап болдық": Әнші Еркін Нұржановтың әйелі ел күтпеген тосын пікір айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әнші Еркін Нұржановтың жұбайы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Динара есімді келіншек құрбыларымен бірге түскен видеоны бөлісіп, өмірге деген көзқарасы өзгергенін меңзейтін ой қалдырған.

"Туатын баланы тудық. Розовые очки шешілді. Бәрінің көңіліне қарап болдық. Енді өзіміз үшін өмір сүрейікші, құрбым", – деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып, көпшілік оның сөзін қолдап, өз ойларымен бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Нұржанов қуанышты хабарын жариялап, Рамазан айының алғашқы жұмасында қызды болғанын айтқан еді.

Әнші Еркін Нұржановтың жеке өміріне қатысты мәліметтер желі қолданушыларының қызығушылығын қайта оятты. Оның жұбайы Динарамен араларында 14 жас айырмашылық бар екені белгілі.

Өнер иесі болашақ жарымен мектеп қабырғасында танысқанын айтқан. Кейін олардың қарым-қатынасы уақыт өте келе махаббатқа ұласқан.

Әнші сүйіктісіне ұсынысты ерекше жағдайда жасағанын да еске алған. Оның айтуынша, гастрольдік сапарда жүрген кезде телефон арқылы шешім қабылдаған.

"Ақтөбеде гастрольде жүрдім. Телефон соғып, "Сен шынымен сенімдісің бе?" деп сұрадым. "Иә, сенімдімін" деді. Сосын “Онда осы күні Алматыға барамын, көлік дайын, Шымкентке тартамыз" деп шешім қабылдадым", – деген еді ол.

Сондай-ақ Еркін Нұржанов Динараның ата-анасы оны бұрыннан танитынын, сондықтан қатты қарсылық білдірмегенін, алайда бірден келісім де бермегенін атап өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу