freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов: Қазақстан экотуризм әлеуетін толық пайдалана алмай отыр

Қоғам
Бектенов: Қазақстан экотуризм әлеуетін толық пайдалана алмай отыр
Үкімет

Былтыр Қазақстанда экотуристер саны 3,6 миллионнан асқан. Әйтсе де, ұлттық парктерді дамыту мен инвестор тарту қарқыны әлі де төмен. Премьер-министр Олжас Бектенов Туризм және экология министрліктеріне, сондай-ақ әкімдіктерге бір айда экотуризмді дамытуға арналған нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Үкімет басшысы әлемдік туристік индустрияның жылдам өсіп келе жатқан бағыттарының бірі — экотуризм екенін атап өтті.

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жаһандық экологиялық туризм нарығы 2034 жылға қарай 660 млрд доллардан асуы мүмкін.

— Былтыр Қазақстандағы экотуристер саны 3,6 млн адамнан асты. 
Бізде Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, сондай-ақ Алтын-Емел, Іле-Алатауы, Бурабай, Баянауыл ұлттық табиғи парктері мен басқа да керемет табиғи байлықтарымыз бар. Алайда оларды дамыту мен инвестор тарту жұмыстарының қарқыны көңілден шықпайды. Жаңа заманауи жобалар қажет. Туризм, Экология министрліктері мен әкімдіктер бір айда нақты ұсыныстар енгізсін, — деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Отандық және шетелдік туристерді тарту үшін ұлттық парктер әлеуетін анағұрлым белсенді пайдалану қажет.

— Биылғы жазғы туристік маусымға жеке тоқталғым келеді. Бірінші кезекте, барлық әкімдіктер мен министрліктер демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша алдын алу шараларын қабылдауға тиіс. Демалушылар үшін курорттық 

аймақтарды дайындау жұмыстарын ақпараттық тұрғыдан барынша белсенді түрде жариялау қажет. Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу керек, — деді ол.

Барлық жедел әрекет ету қызметтері жоғары дайындық және мониторинг режиміне көшірілуге тиіс. Бұл жұмысқа волонтерлерді де тартқан жөн.

— Барлық демалыс орындарында, саябақтарда және жағажай аймақтарында арнайы ақпараттық белгілер, схемалар мен бағыт-бағдар көрсеткіштері орнатылуға тиіс. Әкімдіктер демалыс орындарының меншік иелерімен бірлесіп, тазалық әрі санитариялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуі қажет. Туристердің қауіпсіз әрі жайлы демалысы осы саланың негізгі стандартына айналуға тиіс, — деді Олжас Бектенов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу