Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Берденов сотында тілін шығарған судьяға қатысты шешім шықты

Қоғам
Берденов сотында тілін шығарған судьяға қатысты шешім шықты

Шымкенттегі судьялық әдеп жөніндегі комиссия қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша өткен сот процесінде төрағалық еткен судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше тексеріс материалдары республиканың Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриіне жолданған.

«Судьялық әдеп жөніндегі комиссия судья Әбинұр Қарабаевқа қатысты тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот жюриінде мәні бойынша қарауға жіберу туралы шешім қабылдады. Аталған шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, судья Қарабаев оған шағым түсіруге құқылы», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қатысты сот отырысында судья Әбинұр Қарабаев журналистке қарап, тілін шығарған еді.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу