Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бір ұрғаннан кейін киімімді жинап, кетіп қалдым": Баян Мақсатқызы бірінші күйеуі туралы айтты

Қоғам
"Бір ұрғаннан кейін киімімді жинап, кетіп қалдым": Баян Мақсатқызы бірінші күйеуі туралы айтты
ашық дереккөзден

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы жары Бақытбек Есентаевпен арада болған ауыр кезеңдерді еске алып, отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі туралы маңызды пікір айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Продюсер алғашқы некесінде көрген қысыммен бөлісе отырып, «зорлық бір рет орын алса – оның қайта қайталануы әбден мүмкін» екенін атап өтті.

"Алғаш қол көтерген кезде мен киімімді жинап, бірден ата-анамның үйіне кеттім. Әкем мен анам ештеңе сұрамады, үндемеді. Маған ең ауыр тигені – ешкім "шыда" демеді", – деді Баян Мақсатқызы.

Ол "шыда" деген ұғымды қазақ қоғамындағы ең зиянды стереотиптердің бірі деп сынады.

"Бұл – мен ең жек көретін сөз. Неге әйел шыдауы керек? Неге зорлық-зомбылыққа көніп отыруы тиіс?" – деп ашына айтты продюсер.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы өмірінде шешуші рөл атқарған анасының ақылын да еске алды:

"Анам әрдайым: "Ер адам бір рет қол көтерсе, міндетті түрде тағы қайталайды", – деп айтатын. Сол үшін мен кешірмедім, өз жолымды таңдадым".

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу