Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Қоғам
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін сөйледі

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың қылмыстық ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Айыптталушылар алқабилерге қайырылып, қылмысты қасақана жасамағанын айтты. Қысқа сөйленген соңғы сөзден кейін, судья келесі сот отырысы 10-мамырда болатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Malim.kz.

Еске салсақ, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа 2023 жылдың 9 қарашасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған. 

Сотқа тартылған екінші күдікті Бақытжан Байжанбаевқа «Қылмысты жасырды» деген айып тағылған.

Еске салайық, сот отырысы 10 мамырға сағат 10.00-ге шегерілді.

Бүгін сот отырысында сотталушылар Қ.Бишімбаев пен Б.Байжанов соңғы сөздерін сөйледі. Cот отырысы 10 мамырға, сағат 10:00-ге шегерілді. Келесі сот отырысында алқабилердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылау және тұжырымдау өтеді. ҚПК-нің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетедi, – делінген хабарламада.


Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу