Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтті

Қоғам
Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтті

Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы болып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Судья Айжан Құлбаева алқабилерге дайындалған сұрақтарды оқып берді. Жалпы 13 сұрақ дайындалған. Оның 10 сұрағы Қуандық Бишімбаевтың кінәсін дәлелдеуге қатысты қойылады. Ал Бақытжан Байжановтың кінәсі туралы 3 сұрақ қойылады. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және қорытынды шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарады. Барлығы 12 алқаби бар, оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалды.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).

Фото: Жоғарғы сот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу