freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні

Қоғам
Бүгін Димаш Құдайбергеннің туған күні
Фото: әлеуметтік желі

Бүгін – Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні, деп хабарлайды Malim.kz.

Дарынды өнерпаз халықаралық байқауларда топ жарып, қазақ өнерін әлемдік деңгейде танытып келеді. Ол 2013 жылы өткен І халықаралық «Мейкин Азия» фестивалінің жеңімпазы атанса, 2015 жылы Витебск қаласында ұйымдастырылған XXIV халықаралық «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді.

Сол жылы Ыстанбұлда өткен «Abu TV» халықаралық Азия-Тынық мұхиты фестивалінде Қазақстан атынан алғаш рет өнер көрсетті. Ал 2017 жылы Қытайдағы «I am Singer» жобасына қатысып, өзінің ерекше дауысымен әлем көрерменін тәнті етті.

Бүгінде Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпірінде миллиондаған жанкүйері бар. Алты октаваны еркін меңгерген әншінің дауысы қазақ даласынан асып, жаһан жұртшылығына кеңінен танылды.

Өнер иесі өзінің таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында Қазақстанның абыройын халықаралық сахнада асқақтатып келеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу