«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды  

Олжас Қасым

  • 06.12.2022

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды.  Байқауға 150-ден астам шығарма қатыстырылған.  

Ұлттық әдеби сыйлық  «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драма», «Үздік аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс» және «Үздік кітап» номинациялары бойынша өтті. Әр аталымның жеңімпазына 5 млн теңгеден жүлде тағайындалды.

Сонымен жеңімпаздар төмендегідей:

«Үздік проза» номинациясы бойынша «Тырнақ» әңгімесі үшін Айгүл Кемелбаева. 

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша «Жұмбақ арал» поэмасымен Батырхан Сәрсенхан. 

«Үздік драматургия» номинациясы бойынша «Мың мен жалғыз...» пьесасы үшін Талғат Теменов.  

«Үздік аударма» номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллаларының аудармасы – Кенжебай Ахметов.  

«Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша «Іздер құпиясы» шығармасы – Бекен Ыбырайым. 

«Үздік комикс»  номинациясы бойынша «Жетпіс палуан» - Жантас Нәбиоллаұлы.

«Үздік кітап дизайны» номинациясы бойынша «Кенесары хан уа сұлтан» - «AlmaBooks» баспасы.     

Әр номинация бойынша  жеңімпаз 5 млн теңге алды. Жеңімпаздардың еңбектері 500 данамен жарық көреді.

 

Байланысты жаналықтар

Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

20.09.2023

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

19.09.2023

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

15.09.2023

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

11.09.2023

Колледждерге грaнт көбейді

30.08.2023

Абай құрметтеп, Затаевич тамсанған талант

29.08.2023
MalimBlocks
Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт қайтыс болды

Қаламгер 74 жасында өмірден озды

Астана драма театрлары жаңа маусымда көрерменге не ұсынады?

Алғаш рет елімізде  драма мен опера сынды екі үлкен жанрды үндестіретін қойылым жұртшылыққа жол тартады

В Астане стартовали XIV Национальные Дельфийские игры

XIV Национальные Дельфийские игры проходят в эти дни в столице. В Астане они организованы уже в четвертый раз. Мероприятие продлится до 17 сентября.

Жынданып өлген Оразбаева. Кеңестік кесір жүйенің құрбаны

Арнайы пансионат-үй бөліп, қасына дәрігер қойғанмен, жазылып кетпейді

Колледждерге грaнт көбейді

Абай құрметтеп, Затаевич тамсанған талант

Ұлы ақынға Қалидің құдіретті де әсерлі үні ұнайды