Шәмшінің әніне авторлық қоғам 18 мың теңге төлеген. Мәжілісте заң жобасы талқылануда

Ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді

Malim Админ

  • 14.11.2024

Мәжілісте креативті ұйымдастыруды дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын әзірлеп жатқан жұмыс тобының жетекшісі, депутат Нартай Сәрсенғалиев авторлық қоғамдардың жұмысын сынға алды.


«Біз креаторларды тізімге қосып алғанымызға мәзбіз, бірақ олардың авторлық құқығын қорғауға келгенде ешкім бас ауыртқысы келмейді. Қашанғыдай әр креатор адвокат жалдап, басқаны жалдап, сан соғып, сабылып жүруге мәжбүр. Елімізде 15-16 авторлық қоғам бар. Олардың жұмысына қатысты да көптеген сын бар. Авторлық қоғамға адамның шығармасын қолданғаны үшін түсетін ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді», - деді ол.

“Креативті индустрия” мәселесі талқыланған отырыста сөз алған Ботагөз Қалдаяқова авторлық құқық тақырыбын көтерді. Композитордың отбасы авторлық құқықты басқаруға көңілі толмайтынын жеткізді. 

Нартай Сәрсенғалиев бірнеше жыл бұрын өзінің Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне қалай автор атанғанын еске алды. 

«2010 жылы біз «Алматы» телеарнасында журналистік зерттеу жүргізіп, бір авторлық қоғамнан 20 мың теңгеге Жұмекен Нәжімеденов пен Мұқағали Мақатаевтың бір-бір өлеңіне автор атанғанбыз. Ешкім тексеріп жатқан жоқ. Мұқағали мен Жұмекенді тексермегенде, басқаларды тексереді деу қате шығар.

Ал Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындағаны үшін авторлық қоғам композитордың ұрпағына үш айда 18 мың теңге ғана төлеген. Жалпы бұл қазақта Шәмшінің әнісіз өткен кеш бар ма? Өкінішке қарай, біздегі авторлардың құқығы қорғалмайтынын осыдан-ақ көруге болады», - деді депутат. 

Фото:  Kazinform 

Байланысты жаналықтар

Азаматтық қоғам елдегі демократияның орнығуына ықпал етеді

27.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

10.05.2025

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

05.05.2025

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?

02.05.2025
MalimBlocks
Азаматтық қоғам елдегі демократияның орнығуына ықпал етеді

Кейінгі жылдары үкімет әлеуметтік бағыттағы гранттар көлемін едәуір ұлғайтты

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттелмек

Қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгіленеді

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдеген жағдайда не істеу керек?

Өтініш міндетті түрде тіркелуі тиіс

Араб жазуы бар Қазақстан туын жарнамалағандар қалай жазаланады?