«Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізу Сіздің қолда тұр...». Мағауин Тоқаевқа хат жазды   

Malim Админ

  • 18.10.2022

АҚШ-та тұрып жатқан жазушы Мұхтар Мағауин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды.  Қаламгер бұл жазбасында мемлекеттік сыйлықтың іріктеуінен өтпей қалған  Тұрысбек Сәукетайға  қатысты сөз қозғаған.   Мағауин «Мен жындымын», «Бұлағай» атты іргелі  туындылар  авторының мәреге жетпеуіне  өкініш білдірген.  

Жазушы өзінің  жанашырлық сөзінде:

«...2022 жылғы Мемлекеттік сыйлық талқысы туралы соңғы хабардан естуімше, бүгінгі қазақтың атпал жазушысы, тіпті екінің бірі, үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктен өтпей қалыпты. Абай атындағы марапатқа бірден бір лайықты – осы «Желқайық» романы еді.

Тұрысбек – бүгін ғана жеткен прозашы емес, өткен он жылдықтағы «Ай қараңғысы» және кез келген басқа да романы осы мәртебеге татитын. Бүгінгі бәйгеге «Желқайық» түскен екен. Айтары жоқ, осы жаңа ғасырда дүниеге келген ең озық туындылардың бірі»,- деп жазған. 

Сонымен қатар, қаламгер «Мұндай, биік көркемдік деңгейде жазылған, бүгінгі қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы – көңілінде алалық жоқ зиялы қауым үшін, көзі қарақты, ұлт мүддесін ойлайтын оқырман қауым үшін үлкен өкініш болар еді»,- дейді.    

Мағауин  Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізуге Президент Тоқаевтан пәрмен күтетінін жазған.   

Айта кетейік,  Абай атындағы мемлекеттік сыйлық биыл ақын Ғалым Жайлыбай мен жазушы Кәдірбек Сегізбаевқа берілді. Жазушы Сәуле Досжан алғашқы іріктеуден өтпей қалғанда қоғамдық пікір туындап, әжептәуір шу көтерілген еді. 

Естеріңізде болса, 2020 жылы қаламгер Тынымбай Нұрмағанбетов мемлекеттік сыйлыққа жетпей құлаған кезде де қоғам белсенділері наразылық  білдірген. Соның нәтижесінде айтулы жазушы марапатқа ие болған.       

 

 

Байланысты жаналықтар

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

11.04.2025

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

06.04.2025
MalimBlocks
Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.

Ұлытау кереметтері: Ежелгі өркениет ізімен

Тамыры терең тарихпен астасқан мәдени мұра мекені — Ұлытауды бірге аралап, ерекше әсерге бөленейік!

Instagram-да қазақ әндері қайта пайда болды

Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтарғалы жатыр

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы: Каспий жағасына 100 мыңға жуық адам жиналды

Бұл – қазақтың дәстүрін, киелі Маңғыстау мұрасын және түркіхалықтарының тарихын кеңінен насихаттауға арналған бірегей мәдени кеңістік