Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дариға Назарбаева тағы бір қызметтен кетті

Қоғам
Дариға Назарбаева тағы бір қызметтен кетті

Дариға Назарбаева "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Malim.kz "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап.

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2013 жылғы 22 мамырдағы №512 "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп жатыр.
Өзгерістер театрдың қамқоршылық кеңесі құрамына қатысты. Кеңестен бірқатар тұлғаны шығару ұсынылып отыр.

"Олардың ішінде Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ, ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар", - деп жазылған мәліметте.
Құжат 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.
Фото: parlam.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу