Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дариға ұлттың ынтымағын арттырыпты

Саясат
Дариға ұлттың ынтымағын арттырыпты

Парламент Сенатының спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫ Ислам зерттеу институтының кеңесі "Paigham-e-Pakistan" 2020 бейбіт сыйлығымен марапаттады. Пәкістан астанасы Исламабадтан жеткен сыйлық Дариға НҰРСҰЛТАНҚЫЗЫНА ұлттар ынтымақтастығы мен Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік әділдікті нығайтқаны үшін беріліпті.

Сондай-ақ, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін өткізгені үшін алғыс та айтылған.

Мәскеуге арнайы сапармен барған Қауіпсіздік кеңесі мен «Nur Otan» партиясының төрағасы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ та марапатқа ие болды.

Михаил ЛОМОНОСОВ атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болған кездесуде ректор Виктор САДОВНИЧИЙ «Мәскеу университетінің жұлдызын» тапсырды. Бұл – жоғарғы оқу орнының жоғары марапаты.

"Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті докторы Нұрсұлтан Назарбаев университеттің ең жоғары наградасы – "Мәскеу университетінің жұлдызымен" марапатталды", - деп жазды Елбасы сайты.

Фото: malim.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу