Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дархан Сатыбалды Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты нақты жоспарын айтты

Қоғам
Дархан Сатыбалды Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты нақты жоспарын айтты
Фото: © ҚазТАГ

Бүгін (17 желтоқсан) ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматыдағы жылжымалы баспасөз конференциясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген әкім Дархан Сатыбалды Бағанашыл ықшам ауданындағы балалар үйіне қатысты жоспарын паш етті.

Есіңізде болса, биылғы шілде айының аяқ шешінде Алматы қаласының Бағанашыл ықшам ауданындағы балалар үйіне қатысты жанжал туған болатын. Қала әкімдігі балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімін жариялаған еді. Оған тәрбиеленуші балалар қарсы шығып, әлеуметтік желілерде үндеу таратты. Онда балалар көшуге үзілді-кесілді қарсы екендерін мәлімдеген. Алайда, кейін балаларды күштеп көшіру әрекеттері болды.

Жанжал ақырында мемлекет басшысының назарына іліккен еді. Қасым-Жомарт Тоқаев балалар үйін көшіруге тыйым салды. Президент сонымен бірге, ол үйді жөндеуден өткізу және балалардың жағдайын жасау туралы Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдыға тікелей нұсқау берді. Бұған қоса, балалар үйіне президент әкімшілігінен комиссия барып, жағдаймен танысқан болатын.

Бүгінгі қала туралы есебі кезінде, Дархан Сатыбалды malim.kz тілшісіне Бағанашылдағы балалар үйіне қатысты қазіргі ахуалды және әрі қарайғы жоспарды айтып берді. Әкімнің сөзінше, балалар үйіне қатысты күрделі экономикалық есептер жүргізілген. Нәтижесінде, жобалық-сметалық құжаттама дайындап, байқау өткізудің өзіне 1-1.5 жыл кетіп қалады екен; ал барлық процедуралар 2-3 жылға дейін жалғасуы мүмкін. Әкім сондықтан демеуші іздегенін айтты. Қазір демеуші табылыпты, және ол жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға да, құрылыс жұмыстарына да кірісіп кетіпті. Дархан Сатыбалды барлық жұмыстар 2026 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталады деп жоспарланғанын жеткізді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу