Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Демалыс орындарындағы былық үшін Қонаев пен Балқаштың әкімдері жазаланды

Қоғам
Демалыс орындарындағы былық үшін Қонаев пен Балқаштың әкімдері жазаланды

Курорттық аймақтарды инспекциялау нәтижелері бойынша шаралар қабылданды: бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына туризм және спорт, көлік, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, су ресурстары және ирригация, денсаулық сақтау министрліктерінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары кірді.

10-12 шілдеде Алматы, Қарағанды, Жетісу және Абай облыстарына инспекциялық сапар барысында бірқатар жүйелі заң бұзушылықтар анықталды.

Жұмыс тобының мүшелері туристермен кездесулер өткізіп, Қапшағай су қоймасындағы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі инфрақұрылыммен танысты.

Азаматтардың туристік инфрақұрылымның жай-күйіне, сервистің жеткіліксіз деңгейіне және қажетті қауіпсіздік шараларының болмауына қатысты хабарламалары расталды.

Әсіресе, жергілікті атқарушы органдар басқаратын коммуналдық жағажайлардың жағдайы ерекше алаңдаушылық туғызды. Онда абаттандыру нормаларын бұзу, чек бермей жұмыс істейтін бизнес субъектілерінде кассалық тәртіптің болмауы, сондай-ақ санитариялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын елемеу фактілері тіркелді.

Фото: Үкімет

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу