Кейбір сенаторлар-демократтар АҚШ әкімшілігін Венесуэлаға соққы жасап, Николас Мадуроны ұстау әрекетін сынады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Сенатор Энди Ким бұрынғы мемлекеттік хатш Марко Рубио мен қорғаныс министрі Пит Хегсеттің «билікті ауыстыру туралы емес» деген уәделерін еске салды және олардың Конгресті ашық алдағанын жазды.
Кимнің пікірінше, Трамп Конституцияда қарастырылған келісім процедурасын айналып өтіп, елді жаңа соғысқа тартудың тәуекелдерін елемеді. Сенатор Рубен Гальего әрекетті «екінші заңсыз соғыс» деп атады. Ал Джим Макговерн АҚШ-тың денсаулық сақтау саласына қаржы жетіспейтінін мысал етіп, бұл соғыстың негізсіз екенін айтты.