Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Malim Админ

  • 16.08.2024

Париж Олимпиадасынан оралған спортшылардың бірнешеуінен  ковид індеті анықталып, президентпен кездесу кейінге шегерілгені белгілі. Осы ретте, көпшілік арасында «індет өршіп жатыр, барлығы жаппай маска тағуы тиіс» деген алаңдатарлық әңгімелер айтыла бастады. Бұл мәселеге орай Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев түсіндірді.


«Елімізде короновирус инфекциясына байланысты жағдай тұрақты. Медициналық нысандардың қызметкерлері ғана маска тағуға міндеттелген. Емделушілердің маска тағу яки тақпауы өз еркінде», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды.  

Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған. Яғни, 1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцина салу, медициналық ұйымдарда бетперде тағу, антисептиктердің болуы, ЖРВИ, тұмау тиген  бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Фото: stopfake.kz

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді