Дәмелі Суит есімімен танымал блогер Дәмелі Бектұрсынованың үйлену тойы Алматыда өтті. Салтанатты кешке танымал кәсіпкерлер, қоғам өкілдері мен өнер жұлдыздары қатысқан, деп хабарлайды Malim.kz.
Блогер жеке өмірінде өзгерістер басталғаннан кейін Instagram парақшасын өшіріп, біраз уақыт көпшілік назарынан тыс жүрген еді. Жақында оның ұзату тойы Шымкентте өткені белгілі болды. Ал негізгі той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Дәмелінің таңдаған жары – Мұрат есімді азамат. Оның шетелде білім алғаны айтылады.
Тойға келген қонақтардың арасында кәсіпкер Кеңес Рақышев пен жұбайы Әсел Тасмағамбетова болған. Сондай-ақ салтанатты кешке бірқатар депутаттар мен лауазымды тұлғалар қатысқаны жазылып жатыр.
Кеш барысында A’Studio тобы мен қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсеткен. Әлеуметтік желіде тараған тойдан түсірілген видеолар көпшіліктің назарын аударып, қызу талқыланып жатыр.