Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Лондонда көрермендеріне көлік үстінде отырып қолтаңба берді

Мәдениет
Димаш Лондонда көрермендеріне көлік үстінде отырып қолтаңба берді
видеодан скриншот

Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының  Әнұраны орындалды. Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке туры аясындағы концерті өтті, деп хабарлайды Malim.kz.  

 Концерттен кейін фанаттар әншіні қоршап алып, жібергісі келмей әншінің көлігін қоршап алды. 

Видео әншінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлерінің ықыласына бөленген әнші, көліктен шығып, оның төбесіне шығып, сол жерден автографтар беріп, олармен бірге фотоға түсті.

Осы сәтте жиналғандар хормен оның «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

— Бұл видео концерттен кейін біз тоқтаған қонақүй алдында түсірілген. Барлығына алғыс айту үшін көлік төбесіне шығуға тура келді, — делінген видеоға жазылған мәтінде. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу