freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Қытайдағы аса айтулы концертте өнер көрсетеді

Мәдениет
Димаш Қытайдағы аса айтулы концертте өнер көрсетеді
dimashnews.com

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген шілде айының соңында Қытайдағы ең ірі музыкалық шаралардың бірі - Hunan TV ұйымдастыратын жазғы гала-концертке қатысатыны белгілі болды. Әнші фестивальге шақырылған басты халықаралық орындаушылардың қатарында, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл концертті жыл сайын ондаған миллион көрермен тікелей эфирден тамашалайды. Димаш бұған дейін де Қытай сахнасында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, кең аудиторияның ықыласына бөленген. Жаңа концертте оның қандай ән орындайтыны әзірге жарияланған жоқ.
Әлеуметтік желілерде әншінің жанкүйерлері жаңа қойылымға қызу дайындалып жатқанын жазып, ерекше бағдарлама күтетіндерін айтуда. Музыка сарапшылары мұндай жобалар қазақстандық әртістердің халықаралық танымалдығын арттыруға ықпал ететінін атап өтеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу