Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаштың Чилидегі жанкүйері қазақ домбырасын алғанда жылап жіберді

Қоғам
Димаштың Чилидегі жанкүйері қазақ домбырасын алғанда жылап жіберді

Қазақстандағы қолөнер шебері Нұрбек Әділбековтің шеберханасынан шыққан домбыраны тапсырыспен Чилиге алдырған Мария есімді домбырамен жылап қауышты, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жарты жыл бұрын алыстағы Чили елінен Мария ханым бізбен байланысып, домбыра алғысы келетінін айтқан еді. Көп ұзамай оның таңдауы біздің аққудай ақ домбырамызға түсті. Бір көргеннен ғашық болғандай әсер қалдырған бұл домбыра оған ерекше ұнап, біз оны үлкен сүйіспеншілікпен дайындап, салып жібердік. Арада айлар өтіп, ақ домбырамыз аман-есен өз иесіне жетті. Сол сәтте Мария ханымның домбырамен қауышқан кезіндегі эмоциясы бәрімізді ерекше әсерге бөледі. Оның ұлттық аспапқа деген шексіз махаббатын сөзбен жеткізу қиын, оны тек көзбен көріп, жүрекпен сезу керек», - деп жазды Нұрбек шебер.

Бұдан кейін Мария ханым шеберханаға тағы да ерекше тапсырыс берген екен. 

«Бұл жолы ол Дина әжеміз ойнағандай, ескі заманның үні сақталған, ерекше дыбысы бар домбыраны қалап отыр. Мұндай домбыраны дайындау – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш. Ұлттық өнерімізге деген осындай сүйіспеншілік пен құрмет бізді шабыттандырады. Рақмет, Мария ханым, сіздің махаббатыңыз біздің домбыраларға жаңа өмір сыйлайды», - дейді ол.

Видеоның астына Марияның өзі де пікір жазған. Оқырман оны Димаштың жанкүйері шығар деп топшылады.

«Маған Димаштың жұмысы қатты ұнайды, бірақ қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігім одан да асып түседі», - деп жазған ол.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу