freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

eGov пен мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді

Қоғам
eGov пен мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді
Фото: gov4c.kz

Қазақстанда мемлекеттік сервистердің бірқатары уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы 18 шілдеде “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәлімет eGov.kz-тің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Ведомствоның мәліметінше, 18 шілде сағат 21:00-ден 19 шілде сағат 08:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ сүйемелдейтін жобалардың жұмысы уақытша шектелуі мүмкін.

Компания азаматтарға қолайсыздықтардың алдын алу үшін барлық қажетті операцияларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін аяқтауға кеңес берді.

ҰАТ өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу