freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экскурсиядан қайтып келе жатқан автобус аударылды: 20 бала қаза тапты

Әлем
Экскурсиядан қайтып келе жатқан автобус аударылды: 20 бала қаза тапты
x.com/PoliceUg

Угандада оқушылар мінген мектеп автобусы жол апатына ұшырап, 20 бала мен бір ересек адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Уганда полициясының өкілі Майкл Кананураның мәліметінше, оқушылар білім беру экскурсиясы аясында Сипи сарқырамасына барған. Қайтар жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

Алдын ала дерек бойынша, автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен тасқа соғылғаннан кейін аударылған.

Апат салдарынан 20 оқушы мен бір ересек адам көз жұмды. Үш ер адам және бірнеше кәмелетке толмаған бала жарақат алды.

Қаза тапқандардың мәйіттері моргқа жеткізілді. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу