freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ел асыға күткен жаңалық: Конституция жобасында тіл туралы бапқа өзгеріс енгізілді

Қоғам
Ел асыға күткен жаңалық: Конституция жобасында тіл туралы бапқа өзгеріс енгізілді
t.me/consot_kz

Конституция жобасына бірқатар тілдік өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Ата заңның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Преамбулада "Ұлы даланың мың жылдық тарихының сабақтастығын сақтап" деген сөздер "Ұлы даланың мыңдаған жылдық" деп өзгертілді. Мәтін бойынша "неприкосновенность" деген термин көп кездеседі. Қазақ тілінде "қол сұқпау", "қол сұғылмаушылық" деп алынып отыр.

9-бап нақтыланып, "тең" сөзі "қатар" деп ауыстырылды.  

50 және 51-баптарда "өтініш" сөзі "мәлімдеме» деп өзгерді. Сөйлем құрау ерекшеліктерін ескеріп, орыс тіліндегі "является" сөзі сызықшаға ауыстырылды. Осылайша қазақ тілінде "болып табылады" деген сөздер алынып тасталды", – деді Нұрмұханов Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында.

Айта кетейік, Ата заң жобасының 9-бабында мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен қатар ресми түрде қолданылатыны көрсетілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу