Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде Жаңажыл есімді 13 адам тұрады

Қоғам
Елімізде Жаңажыл есімді 13 адам тұрады

Ал Сыйлық есімді азаматтар саны 12 адам. Сондай-ақ, Шырша есімді бір адам бар. Бұл туралы Бірінші несие бюросы телеграм арнасында Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресми статистика бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұл балалар арасында ең танымал үш есім – Әлихан, Мұхаммед және Арсен болса, қыздар арасында – Айлин, Айша және Медина.

Бұл есімдер өтіп бара жатқан жылы да жалпы трендте болған. 2024 жылы Мұхаммед есімді 3616 ұл, Әлихан есімді 2708 ұл және Арсен есімді 1356 ұл дүниеге келген.

Сонымен қатар, 5547 Айлин, 5389 Медина, 4472 Айша өмір есігін ашқан.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу