Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елтаңба авторымен кездесу өтті

Мәдениет
Елтаңба авторымен кездесу өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.

Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу