Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді тамадаларға да айыппұл салынады

Мәдениет
Енді тамадаларға да айыппұл салынады

Атырауда енді асабалар да жауапқа тартылады! Жасыр той жасаған қуаныш иелері ғана емес, асаба, әншілер мен фото-видеооператорлар да жазаланады. Бұл туралы azh.kz сайты хабарлады.

«Бұл адамдар да құқық бұзушылар, сондықтан біз оларды жауапқа тартамыз, - дейді Атырау қалалық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау  басқармасының бас маманы Бақытбек ХАМЗА.

Қалалық СЭС-ке астыртын өткізілген той-жиындарға қатысты бойынша үш әкімшілік іс түскен. Бірінде асабаға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Екі шоумен айыппұлды елемеген, олар іздестірілуде.

Еске сала кетейік, жеке тұлғаларға қатысты шектеу шараларын бұзғаны үшін айыппұл 83 мың теңге, ал жеке кәсіпкерлер үшін бұл 600 мың теңгеден асады.

Ресми мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирусқа 11335 шалдықса, оның 73 дүниеден өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу