Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді жалақы басқаша есептеледі

Қоғам
Енді жалақы басқаша есептеледі
Gov.kz

Биыл жеке табыс салығын есептеу ережесі өзгерді. Енді айына 150 мың теңгеге дейін табыс табатын азаматтар бұл салықты мүлде төлемейді. Ал жалақысы жоғары адамдардың да төлейтін салығы бұрынғыға қарағанда азайды. 

Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында айтылды.

– Бұрын жеке табыс салығын есептегенде 14 АЕК көлемінде шегерім қолданылатын. Қазір бұл мөлшер 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни шегерім екі еседен де көбейді. Бұл өзгеріс басқа шегерім түрлерінің алып тасталуымен байланысты. Бұрын ипотека бойынша немесе көпбалалы ата-ана ретінде қосымша шегерімдер қолдануға болатын. Қазір мұндай жеке шегерімдер жоқ. Енді 30 АЕК көлеміндегі шегерім баршаға бірдей қолданылады. Яғни сіз көпбалалы ата-ана санатына жатпасаңыз да, ипотекаңыз болмаса да, бұл шегерімді пайдалана аласыз, - дейді салық бойынша кеңесші Гүлнұр Нұрланқызы.

Жеке табыс салығы қалай өзгерді

Биыл Қазақстанның Салық кодексіне енгізілген түзетулерге байланысты жеке табыс салығын есептеу тәртібі жаңартылды. Негізгі өзгеріс – салық салынбайтын стандартты шегерімнің ұлғаюы.

Бұрын мемлекет жалақының шамамен 55 мың теңгесін ғана есепке алмайтын. Ал жаңа ережеге сәйкес бұл көрсеткіш 130 мың теңгеге дейін артты. Яғни азаматтың табысының едәуір бөлігі енді салықтан босатылады.

Бұл қалай жұмыс істейді

Мысалы, айына 300 мың теңге жалақы алатын адамды алайық.

Алдымен жалақыдан:

10% – зейнетақы жарнасы,

2% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы ұсталады.

Одан кейін табыстан 130 мың теңге шегеріліп, тек қалған бөлігіне ғана салық салынады. Соның нәтижесінде бұрын шамамен 21 мың теңге салық төленсе, қазір бұл сома 14 мың теңгеге дейін азайды. Яғни ай сайын азаматтың қолында 7-8 мың теңге артық қаражат қалады. 

Кімдер мүлде салық төлемейді

Айына 150 мың теңгеге дейін табыс табатын азаматтар енді жеке табыс салығын мүлде төлемейді. Бұл – жаңа өзгерістің ең маңызды тұсы. Үкіметтің айтуынша, мұндай шешім ең алдымен қарапайым еңбек адамын қолдауға бағытталған. Себебі елдегі жалдамалы қызметкерлердің жартысынан астамы дәл осы деңгейде жалақы алады.
Сонымен қатар шегерім алу үшін бұрынғыдай ипотека, көпбалалы отбасы немесе басқа да санаттар бойынша қосымша құжат жинаудың қажеті жоқ. Енді бұл – баршаға ортақ стандартты шегерім

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу