freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Энрике Иглесиас Қазақстанда екі ірі концерт өткізеді

Шоу-бизнес
Энрике Иглесиас Қазақстанда екі ірі концерт өткізеді
eg.ru

Әлемге танымал әнші Энрике Иглесиас Қазақстанда екі ірі концерт өткізеді. Әнші 3 қыркүйекте Астана Арена стадионында, ал 5 қыркүйекте Орталық стадион сахнасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды  Malim.kz Qaz365.kz cайтына сілтеме жасап. 

Билеттердің эксклюзивті алдын ала сатылымы 7 наурыз күні сағат 12:00-де басталып, 9 наурызға дейін жалғасады. Бұл кезеңде билеттер тек Freedom SuperApp қолданушыларына қолжетімді болады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, билеттер бағасы орын мен секторға байланысты 45 мың теңгеден басталады. Стадиондағы орын саны шектеулі болғандықтан және сұраныс жоғары болуы мүмкін екенін ескеріп, сатылым электронды кезек арқылы жүргізіледі.

Билетті сатып алған адамға концертке қатысу құқығын растайтын ваучер беріледі. Ал электронды билеттер іс-шара басталуына үш күн қалғанда жіберіледі. Ұйымдастырушылар барлық билеттер қайтарылмайтынын ескертті.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу