freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ертең бәрібір алдыма келесіңдер": Роза Рымбаеваның ұлы ел күтпеген сөзді айтып, ашуға булықты (ВИДЕО)

Қоғам
"Ертең бәрібір алдыма келесіңдер": Роза Рымбаеваның ұлы ел күтпеген сөзді айтып, ашуға булықты (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы

Әнші Роза Рымбаеваның кенже ұлы Мәди Рымбаев әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне бағытталған сын-пікірлерге қатысты ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол анасының Алматыдағы концертінде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялаған. Алайда жазбаның астына кейбір қолданушылар тарапынан жағымсыз пікірлер қалдырылған. Соның ішінде "мына клоунды кім сахнаға шығарған?" деген сөздер де болған.

Мәди мұндай сынға бейжай қарай алмайтынын жеткізді. Оның айтуынша, ол – кәсіби музыкант және шығармашылық жолына өмірінің жартысынан көбін арнаған.

"Мен кәсіби маманмын. Музыкантпын. Жасап жүрген дүниенің бәрін өз қолыммен істеймін. Бұл жолға көп жылымды арнадым. Тональдікті білмей тұрып, мені үйреткісі келетіндерді тыңдап, төзгім келмейді", – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзін менсінбей, еңбегін бағаламайтындарға да үн қатты.

"Бүгін мені менсінбегендер, ертең бәрібір алдыма келесіңдер", – деді Мәди Рымбаев.

Айта кетейік, Роза Рымбаева 7 ақпанда Алматыдағы Республика сарайында үлкен концерт өткізді. Жарты ғасыр бойы сахнада жүрген халық әртісінің шығармашылық кешінде жас орындаушылар да өнер көрсетті. Кешке арнайы келген Димаш Құдайберген әншіге тосынсый жасап, құрмет білдірді.

Еске сала кетейік, Роза Рымбаева 1977 жылы Болгарияда өткен "Алтын Орфей" халықаралық ән байқауында жеңіске жетіп, бүкіл Кеңес Одағына танылған еді. Содан бері ол қазақ эстрадасының символына айналып, сахнадан қол үзген емес.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу