Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ертең Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді

Қоғам
Ертең Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтеді

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы ертең, 26 маусымда сағат 10:00-де өтеді. Бұл туралы Жоғарға соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың және «Хабар» агенттігінің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Еске сала кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: ҚР Жоғарғы соты

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу