freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ешкімге айтпай ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіров ел естімеген құпия шындығын жайып салды (ВИДЕО)

Қоғам
"Ешкімге айтпай ғарышқа алып кеттім": Тоқтар Әубәкіров ел естімеген құпия шындығын жайып салды (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Тоқтар Әубәкіров

"Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Қайырлы кеш" бағдарламасына қонақ болған Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров бұрын көпшілікке беймәлім болған қызықты деректерді бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғарышкердің айтуынша, ол ғарышқа ұшқан кезде өзімен бірге ерекше маңызы бар бірнеше затты ала барған.

"Мен өзіммен бірнеше заттар алып кеткен едім. Бірінші құран сүрелерін, сосын Қорқыт атамыздың жатқан жерінен топырақ алдым. Арнайы қапшық жасатып, соған сол топырақтан салып алдым. Ешкімге айтпай, өз әйелімнің карточкасын алып кеттім. Кейін оралған соң әйеліме "Таня, сен де ғарышта болдың" дедім. Ол "қалайша" деп түсінбеді. Мен оған карточканы көрсеттім. Сенің карточкаңда "Ғарыш кемесі" деген мөр басылған", – дейді Тоқтар Әубәкіров. 

Айта кетейік, Тоқтар Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Ол 1991 жылдың 2 қазанында "Союз ТМ-13" ғарыш кемесімен көкке көтеріліп, орбитада шамамен 8 тәулік бойы ғылыми тәжірибелер жүргізген. Әубәкіров – Кеңес Одағы тарихындағы 72-ғарышкер әрі тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері ретінде белгілі.

Әскери ұшқыш-сынақшы ретінде ол 50-ден астам әскери ұшақ түрін игеріп, авиация саласында жоғары шеберлік танытқан. Осы еңбегі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ал тәуелсіз Қазақстанда оған "Халық қаһарманы" атағы берілді.

Ғарышкер кейін мемлекеттік қызметте де белсенді еңбек етті. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, кейін Парламент Мәжілісінің мүшесі болып, елдің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы маңызды мәселелермен айналысты.

Бұған дейін Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қатысты кең тараған кейбір аңыз әңгімелердің шындыққа жанаспайтынын айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу