«Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы пара және жымқыру ісі бойынша ұсталған Айдос Есполов пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаева арасындағы туыстық байланыс жалған. Бұл туралы журналист Гүлжан Ерғалиева мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.
«EXPO-2017 қаржысынан 2,2 млрд теңгені жымқырды деп күдікке ілініп, бірнеше ай бұрын “Орда” және Elmedia жариялаған материалдарда аты аталған Айдос Есполов Әсел Құрманбаеваның туған бауыры емес. Олардың анасы да, әкесі де бөлек. Бұл — жалған туыстық», — деп жазды Ерғалиева дүйсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Журналист Әсел Құрманбаеваның (анасының тегі) әкесі бойынша Исабаева екенін нақты білетінін атап өтті.
«Назарбаев 17 жастағы аруды байқап қалғанда, оның қарапайым отбасынан шыққан өмірбаяны ұнамаған. Ал Айдос Есполовтың әкесі Тлектес Есполов “Нұр Отанның” белсенді идеологтарының бірі болған. Әселдің Есполовтың “қызы” болып шығуының өзі түсініксіз. Өйткені оның заңды әйелінен Әселден бұрын да, кейін де туған өз балалар бар. Әселдің әкесі басқа. EXPO қаржысы кіші-Есполовқа тиесілі болмаған шығар, оны тек бюджеттен шыққан ақшаны Назарбаевтың қалтасына жеткізетін “тасымалдаушы” ретінде пайдалануы мүмкін. Бұл істе билік қаншалықты алға баратынын көрейік…» — деді Ерғалиева.
Еске салсақ, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталған. Ақпарат көзінің мәліметінше, ол 2,2 млрд теңгені жымқыру және пара алу ісі бойынша өтіп жатыр.
Есполов бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның бауыры ретінде аталған.