Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Grok нейрожелісі Ресейлік кейбір қолданушыларды балағаттауға көшкен

Әлем
Grok нейрожелісі Ресейлік кейбір қолданушыларды балағаттауға көшкен

X (бұрынғы Twitter) желісіне енгізілген жасанды интеллект негізіндегі Grok чат-боты өзімен сұхбаттарды күтпеген арнаға бұрып әкетіп, кей тұста қолданушыларды балағаттай бастады деп хабарлайды malim.kz тілшісі.

 

Мұның алдында аталмыш нейрожелі Түркия президенті Ердоғанның және Түрік Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Ататүріктің атына жағымсыз мазмұндағы постар жазып, жанжал туған болатын. Түрік соты Grok желісін бұғаттап тастауға үкім шығарған еді. Одан кейін антисемит сипаттағы жазбаларымен де дауға қалған.

Енді, Ресейдің, Украинамен соғысты жақтайтын қауымдастығы да осы нейрожелінің үстінен арыздануда. Оған себеп – Grok нейрожелісі соғысты жақтайтындарды кекету мен балағаттаудан аянып қалмаған. Бір жауаптарында ол қолданушыларды айқын балағаттаса, бір жауаптарында әлдебір теориялық негіздеме келтіре отырып, Ресейдің бүгінгі саясатының дұрыстығына күмән білдірген.

Grok желісінің әдептен аттауы тек бұл оқиғалар емес. Бұдан бұрын да түрлі елдердің басшылары туралы өте жағымсыз әрі экспрессияға толы жазбалар жариялағаны туралы хабарлар тараған болатын.

©Photo globalwitness.org (Valerio Rosati / Alamy Stock Photo )

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу