freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Іле-Алатаудағы вандализм: Жасөспірімдер кешірім сұрады

Қоғам
Іле-Алатаудағы вандализм: Жасөспірімдер кешірім сұрады
Фото: әлеуметтік желіден

Бутаков сарқырамасы аумағында жасөспірімдер тастарға жазу қалдырған, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейін олар ұлттық парк қызметкерлерімен жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан соң жазуларды өздері өшіріп, кешірім сұрады.

Вандализм факісі Іле-Алатау ұлттық паркінің Бутаков шатқалы аумағында тіркелген. Парк қызметкерлері оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерді анықтап, олармен профилактикалық әңгіме жүргізген.

Өз әрекеттерінің орынсыз екенін түсінген жасөспірімдер тастардағы жазуларды өздері тазалап, келтірілген зиян үшін кешірім сұраған.

Іле-Алатау ұлттық паркінің өкілдері табиғи аумақтар ортақ құндылық екенін еске салып, келушілерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу