freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Натанздағы ядролық нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді

Әлем
Иран Натанздағы ядролық нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді
Фото: Satellite image ©2026 Vantor/AFP

Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы Натанздағы уран байыту кешеніне соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, радиоактивті заттардың таралуы тіркелмеген, жақын маңдағы тұрғындарға қауіп жоқ.

АҚШ пен Израиль бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ. Ал Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) Ираннан шабуыл туралы хабарлама алғанын растады. Агенттік мамандары нысан маңында радиациялық фонның артқанын анықтамаған.

МАГАТЭ дерегінше, Натанзда уранды 60%-ға дейін байытуға арналған 10 мыңнан астам центрифуга орнатылған. Ядролық қару жасау үшін шамамен 90% деңгей қажет.

2025 жылдың жазында бұл нысан америкалық-израильдік операция кезінде де соққыға ұшыраған. Ол кезде жерүсті центрифугалар жойылған, ал жерасты инфрақұрылымының жағдайы белгісіз күйде қалған. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иранның негізгі ядролық нысандары «толық жойылғанын» және оларды қалпына келтіруге жылдар қажет болатынын мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу