freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Исламабадтағы АҚШ пен Иран келіссөзі нәтижесіз аяқталды

Әлем
Исламабадтағы АҚШ пен Иран келіссөзі нәтижесіз аяқталды
reuters.com

АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді. Исламабадта 21 сағатқа созылған талқылаулар нәтижесінде тараптар бейбіт келісімге келе алмады, ал Ормуз бұғазы мен ядролық бағдарлама басты даулы мәселеге айналды. Бұл туралы Malim.kz BBC.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның Исламабад қаласында өткен 21 сағаттан астам келіссөздерден кейін АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс елге қайтты. Оның айтуынша, талқылаулар мазмұнды болғанымен, Иран АҚШ ұсынған шарттарды қабылдамаған.

Вэнстің сөзінше, Иран АҚШ ұсынған шарттарды қабылдаудан бас тартқан. Әсіресе, Тегеран тарапынан ядролық қару жасамауға қатысты "негізгі міндеттеме" байқалмаған. 21 сағаттан астам уақытқа созылған шиеленісті келіссөздерден кейін Вэнс Пәкістаннан ұшып кетті. Бұл келіссөздер соғысты тоқтатуға бағытталған еді, алайда нақты нәтиже бермеді.

"Ирандықтармен мазмұнды талқылаулар болғаны жақсы жаңалық. Бірақ келісімге қол жеткізе алмадық. Менің ойымша, АҚШ-қа қарағанда Иран үшін әлдеқайда жаман жаңалық", – деді Вэнс.

Сондай-ақ ол АҚШ Иранның ұсынылған шарттарды қабылдауына қол жеткізе алмағанын атап өтті. Вэнс келіссөздердегі басты мәселе ядролық қару екенін ерекше атап өтті. Дональд Трамп әкімшілігінің негізгі мақсаты Иранның қазір де, болашақта да ядролық қаруға ие болуына жол бермеу екенін атап өтті. Алайда Исламабадтағы келіссөздер барысында АҚШ Иран тарапынан мұндай қаруды әзірлемеу туралы нақты міндеттеме көрмеген.

Сонымен қатар әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20%-ы өтетін стратегиялық маңызды Ормуз бұғазы төңірегіндегі келіспеушілік те шешілмей қалды. Иран бұғазды өз бақылауында ұстап, кемелерден ақы алуды талап етсе, АҚШ бірлескен бақылауды ұсынып отыр.

Еске салсақ, 8 сәуірде тараптар екі апталық уақытша бітімге келген еді, алайда бұғаз әлі толық ашылған жоқ.  Бұған дейін 22 наурызға қараған түні Трамп Тегеранға бұған дейін де 48 сағаттық ультиматум қойды. Сол кезде ол Ормуз бұғазындағы блокаданы алып тастауды талап етіп, бұл орындалмаса, АҚШ әскері Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын ескерткен. Кейін Ақ үй басшысы Иранмен келіссөздерге сілтеме жасап, ультиматум мерзімін бірнеше рет кейінге шегерген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу