Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Испанияның экобелсенділері Мессидің құны қымбат үйіне басып кірді

Әлем
Испанияның экобелсенділері Мессидің құны қымбат үйіне басып кірді

Испандық Futuro Vegetal ұйымының экобелсенділері аргентиналық футболшы Лионель Мессидің Ибицадағы үйінің аумағына басып кірді. Наразы топ үйдің қасбетін қызыл және қара түске бояп, "планетаға көмектесіңіз - байлардан ақша алыңыз, полицияны жойыңыз" деген жазуы бар плакатпен суретке түсті.

Le Parisien басылымының хабарлауынша, экобелсенділер "Климаттық дағдарыс кезінде байлардың жауапкершілігіне" назар аударғысы келеді. Ал аталған үйді Месси 2022 жылы 11 миллион еуроға сатып алған.

 «Біз Ибицадағы  Месси сарайын заңсыз түрде боядық. Бұл заңсыз құрылыс ретінде салынған үйді футболшы 11 миллион еуроға сатып алған», - деп жазды Futuro Vegetal ұйымы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

 Сонымен қатар, экобелсенділер ғимарат заңсыз салынған деп отыр.

«Бұл заңның барлығына бірдей жұмыс істемейтінінің тағы бір мысалы деуге болады. Мемлекеттік мекемелер шағын билеуші таптың ығына жығылған және бұл халықтың еркіндігін шектейді», - деді ұйым өкілі.

Фото:  na-dache.pro

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу