Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кәрім Мәсімов билікті басып алмақ болыпты

Аналитика
Кәрім Мәсімов билікті басып алмақ болыпты

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығы бұрынғы басшылары Кәрім Мәсімовтің үстінен "Билікті басып алу" бабымен және бір қылмыстық іс қозғалғанын бүгін хабарлады.  Бұған дейін К. Мәсімов «мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша күдікке ілініп, тергеуге қамалған еді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы Төрағасы К.Қ.Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда» делінген баспасөз хабарламасында.

Кәрім Мәсімов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең сенімді серігі және көмекшісі болып келді. 2016 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. 2007-2012 және 2014-2016 жылдары екі рет премьер-министр қызметін атқарды. Қаңтардағы бүліктен кейін ҰҚК бірқатар басшылары ұсталғанымен комитет төрағасының бірінші орынбасары, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш жайында нақты ақпарат жоқ.  Комитет төрағасының орынбасары қызметіне жаңа орынбасар тағайындалғанымен ҰҚК-ның ресми сайтында Самат Әбіш әлі ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары деп тұр.

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу