Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімов туралы толғанды (ВИДЕО)

Қоғам
"Көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді": Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімов туралы толғанды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

КСРО Халық әртісі, қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова 2021 жылы Stan.kz порталына берген сұхбатында көпшілікке беймәлім болған деректерді бөлісіп, ұлы тұлғаның ауыр да тағдырлы өмір жолы жайында ашық әңгіме өрбіткен еді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, Асекең алғашқы жары Майра Айманованы әрдайым ерекше құрметпен еске алатын.

"Майра апайды Асекең үлкен құрметпен еске алады. Еңбек сіңірген қайраткер бола тұра, әншілік өнерін тұншықтырып,  отбасын бірінші орынға қойған. Майра жақсы болғандықтан мен үй шаруасына араласқан жоқпын. Соның арқасында осындай жетістікке жеттім деп алғысын айтып отырады. Асекең, "Әттең, жұмыс деп жүріп, балаларыма көп көңіл бөле алмаппын, неге көбірек еркелетпедім, неге құшақтап отырмадым" деп қазір өкінеді", – деді Бағдат Әшімова.

Сондай-ақ ол актердің қос ұлынан айырылған қайғысын егжей-тегжейлі баяндады.

"Мәди – үлкен баласы, тұйықтау болған. Ол панкреатит болып, отадан кейін оңала алмай 4 ай ауруханада жатып көз жұмған. Асанәлі ағаларың "көз алдымда солғанда қолымнан еш шара келмеді" деп қиналады. Бұл кісінің де жанына бататыны да сол – бір жылда екі баласынан айырылып қалуы. Жылдың басы қаңтар айында Мәдидің, ал сол жылдың қараша айында Сағидың өмірден өтуі есеңгіретіп жіберген. Сағидің бұрынан жүрегі ауыратын. Сол күні өзі отбасы жанұясы бола тұра келіп апаның жанына жатады. Содан оянбаған. Осы уақытқа дейін неге емделмеді, неге айтпады – жұмбақ. Ақкөңіл бала айтпай жүре берген, кейін қайтқаннан кейін бір кездері инсульт алғанын анықтадық", – деп толғаныды актердің жары.

Бағдат Әшімованың айтуынша, Мәди ұзақ уақыт ауруханада жатқанда Асекең іштей бәріне дайындалғандай болған. Ал Сағидан бір түнде айырылған сәтін ол ерекше ауыр күйде еске алған.

"Мәдидің ауруханада төрт ай жатқанын, жағдайының жақсармағанын көріп, Асекең  өзін іштей дайындаған болуы керек. Ал Сағидан бір түнде айырылып қалғанда, "табаным астындағы жерді сезбей қалдым" дегені бар. Асанәлі ағаларың іші өксікке толып, күйік кернеп кеткенде Теренқұрмен жоғары шығып, тау жаққа айқайлап-айқалап келеді екен", – деді Бағдат Әшімова.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу