freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Көзіме жас келеді мөлтілдеген": Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, елді жылатты (ФОТО)

Қоғам
"Көзіме жас келеді мөлтілдеген": Асанәлі Әшімовтің жары жоқтау айтып, елді жылатты (ФОТО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ өнерінің аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке жететін әсерлі жазба жариялап, өмірден өткен жарын еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазбада ол қырық күн өтсе де, жан жарасының жазылмағанын айтып, сағыныш пен қайғысын поэтикалық жолдар арқылы жеткізген. Сондай-ақ Алладан марқұмның жаны жәннатта болып, жатқан жері нұрға бөленуін тілеген.

"Жан бөлек. Жан бөлек! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен", – деп жазды ол.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі, режиссер әрі профессор.

Өнер майталманы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданына қарасты Жайылма ауылында дүниеге келген. 1956-1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Шығармашылық жолын "Қазақфильм" киностудиясында бастаған ол 1963 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасында актер әрі режиссер ретінде ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етті. Асанәлі Әшімов қазақ киносы мен театр өнерін халықаралық деңгейге көтерген бірегей тұлға ретінде халық жадында мәңгі сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу