Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Күйеуімді сағындым": Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

Қоғам
"Күйеуімді сағындым": Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, жылап қалды (ВИДЕО)
YouTube/ Dinara Satzhan. Суретте: Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева өмірлік серігі, талантты музыкант Тасқын Оқапов туралы жүрек тебірентерлік естелігін бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі жұбайын сағынышпен еске алып, оның өмірі мен шығармашылығына қосқан өлшеусіз үлесін ерекше ықыласпен атап өтті.

"Күйеуімді сағынамын. Жалғыздық деген тек қана өмірде емес, өнерде де бар. Әрине, менің өнеріме ғашық адамдар бар. Бірақ мен оның бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім. Тіпті сондай адамды іздемедім. Екі балама өзім әкемін, өзім шешемін. Қазір немерем бар. Осы деңгейіме жетуіме, бар махаббатын, бар білімін арнаған – Тасқын. Тасқынмен кездеспегенде, мен бүгінде саханада жүрер ме едім?! Оны енді жасың өскен сайын түсіне бересің, түсіне бересің, түсіне бересің...", – деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Тасқын Оқапов 1999 жылы, кенже ұлы дүниеге келерден бірнеше ай бұрын дүниеден өткен. Ол өмірінде Роза Рымбаеваның шығармашылық жолында үлкен тірек әрі шабыт көзі болған.

Ерлі-зайыптылардың некесінен екі ұл – Әли Оқапов және Мәди Рымбаев өмірге келген. Екеуі де ата-анасының өнер жолын жалғастырып келеді. Әли Оқапов бүгінде танымал әнші, биші және продюсер болса, Мәди де музыка саласында өз орнын қалыптастыруда.

2023 жылы Роза Рымбаева әже атанды — үлкен ұлы Әли мен келіні Ақерке Бүркітбайдың ұлы Зейін дүниеге келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу