freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ләйлә Сұлтанқызы қайтадан той көйлегін кие ме": Тележүргізуші ел естімеген жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)

Қоғам
"Ләйлә Сұлтанқызы қайтадан той көйлегін кие ме": Тележүргізуші ел естімеген жаңалығын жеткізді (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден. Суретте: Ләйлә Сұлтанқызы

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Қазақстан" арнасындағы "1001 түн" бағдарламасында қонақ болып, жеке өмірі мен отбасы тақырыбына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің айтуынша, бұл мәселе бұрын да қозғалған. Алайда бұл жолы ол ұлдарының өзіне айтқан әсерлі сөздерін еске алған.

"Бір жыл бұрын дастарқан басында екі ұлым: "Анашым, ертең біз өз жолымызбен кетеміз, сіз жалғыз қаласыз. Біз үшін алаңдамаңыз, егер өміріңізде өзгеріс болса, қарсы емеспіз" деді. Сол сәтте қатты таңғалдым. Ұл балалар мұндай сөзді жиі айта бермейді ғой. Бұл маған ауыр тиді", – деді ол.

Сонымен қатар тележүргізуші қазіргі өміріндегі кейбір сезімдерімен де бөлісті.

"Мен біреуді арнайы іздеп жүрмін немесе қатты қиналып жүрмін деп айта алмаймын. Бірақ маңызды шешім қабылдайтын сәттерде жалғыздық ерекше сезіледі. Мысалы, кіші ұлым Америкаға кеткісі келеді. Осындай кезде әкесінің "тоқта" деп айтатын сөзі жетіспейді. Ал мен ана ретінде бәрін жұмсартып жеткізуге тырысамын. Мұндайда көңілім түсіп кетеді", – деп ағынан жарылды.

Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова – қазақстандық танымал журналист, тележүргізуші әрі медиа менеджер, ол 1977 жылы 8 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, кәсіби білімін шыңдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы "Шаһар" телерадиокомпаниясында тележүргізуші ретінде бастап, кейін осы арнада продюсер қызметін атқарған. 2003-2006 жылдары "Хит ТВ" телеарнасының директоры болып, медиа саласында басқарушылық тәжірибе жинақтады. 2008 жылдан бастап "Қазақстан" РТРК жүйесінде түрлі қызметтер атқарып, бағдарламалар продюсері ретінде де еңбек етті. Сонымен қатар "Kazmedia Mobile" компаниясында бас директор қызметін атқарды. 2012 жылы "Балапан" телеарнасының директоры ретінде балалар контентін дамытуға үлес қосты.

Ол "Әйел бақыты" ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Ләйлә Сұлтанқызы қазақ медиа кеңістігінде өзіндік орны бар кәсіби маман ретінде ерекшеленеді.

Оның еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланған. 2015 жылы "Қазақстан Мәдениет саласының үздігі" атағына ие болды. 2016 жылы оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу