Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Макрон мен Си Цзиньпин Олимпиада кезінде бүкіл соғысты тоқтатуға шақырды

Қоғам
Макрон мен Си Цзиньпин Олимпиада кезінде бүкіл соғысты тоқтатуға шақырды

ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин Парижде өтетін Олимпиада кезінде соғысты жаһандық деңгейде тоқтату үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Еuronews.  

Парижде өткен баспасөз мәслихатында Си Цзиньпин Қытай Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуде белсенді рөл атқарып отырғанын айтты.

Бүгін әлем тыныш емес. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі және жауапты ірі ел ретінде Қытай Париждегі Олимпиада ойындары кезінде жаһандық атысты және соғысты тоқтату мүмкіндігін пайдалану үшін Франциямен жұмыс істеуге дайын, - деді Си Цзиньпин.

Оның сөздері Олимпиада кезінде бітімге шақырған Макронның ұқсас мәлімдемелерімен үндестік тапты. 

Екі басшы арасындағы келіссөзде сауда мәселесі сөз болды. 

Бұған дейін Макрон Қытайдың протекционизм мен субсидияны күшейту түріндегі сауда тәжірибесін айыптаған.

Еуропа экономикалық егемендігінің жақтаушысы Францияның коньяк пен өзге еуропалық брендилерге қатысты Қытайдың демпинг тергеуіне, сондай-ақ француз косметикасы мен басқа секторлардағы шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдірді.

Қытай Ресей-Украина қақтығысында бейтарап екенін мәлімдеді. 

Фото: pravda-fr.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу