freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Мәңгілік болуы керек». Димаш Құдайберген үйлену жайлы алғаш рет толыққанды жауап берді

Шоу-бизнес
«Мәңгілік болуы керек». Димаш Құдайберген үйлену жайлы алғаш рет толыққанды жауап берді
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Астанада өткен форумда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген отбасы, неке және жеке өмірі туралы ашық пікір білдірді. Тыңдармандардың бірі әншіден қашан үйленетінін сұрап, көптің көкейіндегі сауалды тікелей қойды, деп хабарлайды Malim.kz.

– Димаш, сізге ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі – үйлену туралы. Бұған не дейсіз?

– Иә, бұл сұрақ маған өте жиі қойылады. Қазақстанға келе қалсам, әуежайдан бастап осыны сұрайды. Паспорт бақылауындағы қызметкерлер де, қарсы алған адамдар да, үйдегі жақындарым да, достарым да: «Қашан үйленесің?» деп сұрап жатады.

– Бұл тақырыпқа көзқарасыңыз қандай?

– Мен үшін бұл – өте маңызды, өте жауапты мәселе. Отбасы құруға жеңіл қарауға болмайды. Әр нәрсенің өз уақыты бар деп ойлаймын. Таңдау жасау кезінде аса мұқият болу керек.

– Неліктен бұл шешімге соншалықты байыппен қарайсыз?

– Қазір сезімге беріліп, бір қыз баланың тағдырына зиян келтіріп алудан қорқамын. Қыздарды қатты сыйлаймын, құрметтеймін. Сондықтан бұл тақырыпқа басқаша қараймын. Меніңше, неке – бір рет және мәңгілік болуы керек. Адам үйленгеннен кейін сол адаммен бір жастықта қартайсам деп ниеттенуі керек.

– Форум барысында сіз қоғамдағы әйелдерге құрмет мәселесін де қозғадыңыз. Бұл туралы не айтасыз?

– Әлеуметтік желілерден қыз-келіншектерге, әпке-сіңлілерімізге жасалып жатқан түрлі қиянат туралы жаңалықтарды көріп жатамыз. Өкінішке қарай, ондай жағдайлар бар. Меніңше, нағыз ер азаматтық – әйелге құрметпен, қамқорлықпен қараудан көрінеді. Сондықтан барша азаматтарды қыздарды сыйлауға, қорғауға шақырамын.

– Сізге өмірде ең көп күш пен шабыт беретін кімдер?

– Ең алдымен, анам мен әжем. Әжемнің жасы қазір 80-ге таяп қалды. Үнемі сапарда жүрген соң, олардың жанында аз уақыт болсам да, бірге отырып әңгімелесіп, шай ішкен сәттер мен үшін өте қымбат. Жақында ғана Астанаға келдім, бірнеше күн ғана қастарында болдым. Алда тағы сапарлар бар. Сондықтан отбасыма деген сағыныш әрдайым жүректе тұрады.

– Отбасы сіз үшін нені білдіреді?

– Отбасы – ең үлкен құндылық. Жақындарыммен бірге өткізген уақыттың қадірі ерекше. Қанша жұмыс, гастроль, жауапкершілік болса да, адамның жүрегі бәрібір отбасына тартып тұрады.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұған дейін де неке мен отбасы мәселесіне жеңіл қарамайтынын бірнеше рет айтқан. Әншінің сөзінше, шаңырақ көтеру – үлкен жауапкершілік пен саналы таңдау.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу