freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстау облысында шетелдік туристердің көлігі батпаққа батып қалды

Оқиға
Маңғыстау облысында шетелдік туристердің көлігі батпаққа батып қалды
Фото: ТЖМ

Маңғыстау облысында құтқарушылар далада қалып қойған Ұлыбритания туристеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға Тұзбайыр шатқалы маңында болған. Шетелдік туристер мінген жеңіл көлік сорға батып, өздігінен қозғала алмай қалған.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жіберілген. Көлікте екі ересек адам мен 12 жастағы бала болған. Барлығы – Ұлыбритания азаматтары.

Күрделі табиғи жағдай мен батпақтанған топыраққа байланысты көлікті шығару жұмыстары бір тәуліктен астам уақытқа созылған.

Арнайы техниканың көмегімен құтқарушылар көлікті сордан шығарып, қауіпсіз бағытқа жеткізді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу