freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мәжбүрлеуге болмайды": Димаш Құдайбергеннің анасы жастардың бөлек тұруына көзқарасын білдірді (ВИДЕО)

Қоғам
"Мәжбүрлеуге болмайды": Димаш Құдайбергеннің анасы жастардың бөлек тұруына көзқарасын білдірді (ВИДЕО)
SN.kz коллажы. Суретте: Света Айтбаева мен Димаш Құдайберген

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Света Айтбаева ұлы Димаш Құдайбергеннің болашақ жарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ең маңыздысы – екі жастың өзара түсіністігі мен шынайы қарым-қатынасы. Ол ұлына өмірлік серік болатын жанның бірін-бірі сөзсіз түсініп, бірге бір бағытта жүре алатын адам болғанын қалайтынын жеткізді.

"Жақсы сөз – жарым ырыс" дейді ғой. Бұл – көпшіліктің тілегі. Біз де сондай бір әдемі сәтті күтіп жүрміз. Ең бастысы, Димашқа ұнайтын, бір-бірін түсінетін жан болса. Міндетті түрде тәрбиелі, білімді, ақылды әрі адал жар болғанын қалаймын", – деді Светлана Айтбаева.

Сонымен қатар ол қазіргі қоғамда жиі талқыланатын мәселе – жас отбасының бөлек тұруына қатысты да пікірін білдірді. Оның сөзінше, бұл әр отбасының жағдайына, жастардың жұмысы мен оқуына байланысты шешілетін мәселе.

"Қазіргі жастарды мәжбүрлеуге болмайды. Олардың өз тіршілігі бар. Дегенмен жаңа түскен келін сол әулеттің тәрбиесін көріп, үлкендермен араласып, қонақ күту сияқты дәстүрлерді үйренгені дұрыс. Ал бірге тұра ма, бөлек тұра ма – ол әр отбасының өз таңдауы", – деп түйіндеді әнші.

Димаш Құдайберген – қазақ халқының мақтанышына айналған, халықаралық деңгейде танылған ерекше талант иесі. Ол 1994 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келіп, өнерлі отбасында тәрбиеленді. Әкесі мен анасының да музыка саласында танымал болуы оның бала кезден сахнаға жақын өсуіне ықпал етті.

Димаш кішкентайынан-ақ өнерге бейім болып, бес жасынан бастап сахнада ән шырқап, түрлі байқауларға қатыса бастады. Оның табиғи дарыны мен ерекше дауысы ерте жастан көпшіліктің назарын аударды.

Әншінің басты ерекшелігі – кең диапазонды дауысы. Ол бірнеше октавада еркін ән айтып, классикалық, эстрадалық және халық жанрларын бірдей меңгерген. Сонымен қатар, Димаш бірнеше тілде – қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдерінде ән орындап, әлемдік аудиторияны баурап алды.

Оның әлемдік деңгейде танылуына "Славян базары" байқауындағы жеңісі үлкен серпін берді. Осы додада Гран-при иеленгеннен кейін Димаштың есімі халықаралық сахнада кеңінен танылды. Кейін Қытайдағы "Singer" жобасына қатысып, ерекше орындау мәнерімен миллиондаған көрерменнің ықыласына бөленді.

Өнер иесі көптеген халықаралық марапаттарға ие болып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына лайық деп танылды. Ол тек әнші ғана емес, қазақ мәдениетін әлемге танытып жүрген тұлға ретінде бағаланады.

Бұған дейін Света Айтбаева болашақ келініне қатысты өз пікірін білдірген еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу