Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс Елбасы статусын қайта қарау үшін референдум өткізуге келісім берді

Саясат
Мәжіліс Елбасы статусын қайта қарау үшін референдум өткізуге келісім берді

Сенат мәжіліске жіберген ұсыныс қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конституцияда көрсетілген статусын өзгертуге қатысты республикалық референдум өткізу де бар. Мәжіліс референдумға келісім берді. Енді президент келісім берген жағдайда республикалық референдумда Елбасы мәртебесі қайта қаралатын болады.

Айта кетейік қазіргі заңның 3-тармағына сәйкес

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, шекара тұтастығы мен еркіндігі;
  2. басқару формасы
  3. Республиканың негізгі құндылықтарын бекіткен Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Тұңғыш президент – Елбасы туралы және оның статусына қатысты заң референдумда қаралмауы керек.

Осы үшінші тармақты референдумға жіберу үшін парламент пен президенттің рұқсатын алу керек. Сол кезде ғана Назарбаевтың статусына қатысты заңды Қазақстан азаматтары өзгерте алады.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу