freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы енді әр үш жыл сайын өседі

Қоғам
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы енді әр үш жыл сайын өседі
Фото: pixabay

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы кемінде үш жылда бір рет өсіп отырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл норма Президент қол қойған жаңа заңда бекітілді. Құжат мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтіп, еңбек жағдайларын реттеуге бағытталған.

Жаңа заңға сәйкес, мемлекет енді мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын кемінде үш жылда бір рет индекстеп отырады.

Сонымен қатар қызмет бабымен басқа өңірге көшкен қызметкерлерге тұрғын үй төлемдері қарастырылады, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қолжетімділік беріледі және балаларын балабақшаға кезектен тыс орналастыру мүмкіндігі ұсынылады.

25 жылдан астам еңбек өтілі бар әрі марапатталған ардагер қызметкерлерге зейнетке шыққан кезде біржолғы төлем төлеу көзделген.

Заңда еңбек тәртібіне қатысты жаңа нормалар да енгізілді. Атап айтқанда, апталық жұмыс уақыты 40 сағат болып бекітілді. Ал I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін бұл көрсеткіш 36 сағатқа дейін қысқартылады. Кей жағдайларда басшылар толық емес жұмыс күнін белгілеу құқығына ие болады.

Сондай-ақ құжат артық жұмыс уақыты үшін өтемақы төлеуді және еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндерін беруді қарастырады. Қызметтік міндетіне байланысты басқа қалаға ауысқан қызметкерлердің баспана жалдау және жеке заттарын тасымалдау шығындарын мемлекет толық өтейді.

Заңдағы негізгі өзгерістердің қатарында:
– мемлекеттік органдарға азаматтарға формалды себептермен қызмет көрсетуден бас тартуға тыйым салу;
– тәртіптік комиссиялардың жеңілдететін жағдайларды ескеруі және жазаны мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігі;
– eQyzmet жүйесі арқылы кадр қабылдау процесін толық цифрландыру;
– жас мамандарға арналған тәлімгерлік институтын дамыту;
– әдеп жөніндегі уәкілдердің өкілеттігін кеңейту;
– мамандарды конкурссыз бір жылға дейін уақытша бос лауазымдарға тағайындау тәртібін енгізу секілді нормалар бар.

Бұдан бөлек, заңда жалақыдан игерілмеген аванстарды қайтару үшін ұстап қалу тетігі, еңбек демалысынан кері шақыру тәртібі және жұмыстан шығаруға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар тізімі де нақтыланған.

Медицина мәселесіне де ерекше назар аударылған. Жауапкершілігі жоғары лауазымдар үшін есірткі қолдану фактісіне міндетті тексерулер енгізіледі. Ал басшылар мұндай тексеруден жыл сайын өтіп тұрады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу